Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР АНАЛАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ҮН ҚОСТЫ

СЫР АНАЛАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ҮН ҚОСТЫ

 

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес облыстық әйелдер кеңесі мүшелерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына «Сыр аналары» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Н.Мұсаева, облыстық «Ана мен бала» орталығының директоры Г.Жұмашева және Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова қатысты.
«Елбасымыз өз Жолдауында отбасылық бизнесті дамытуға ерекше назар аударды. Бұл Ұлт көшбасшысының қазақстандық әрбір отбасының сапалы өмір сүруі үшін жасап отырған жағдайы екені сөзсіз. Бұл бағытта біздің аймақ тұрғындары да нәтижелі жұмыстар жасап келеді. Оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына да үлкен мән берілуде. Бүгінгі күні біздің аймақта қоғамдағы нәзік жандылардың белсенділігін арттыратын «Көшбасшы әйелдер мектебі» жұмыс жасап келеді. Өткен жылдың өзінде аталмыш мектептен 40 әйел түрлі оқу-семинарларына қатысып, бірнеше бағытта маманданып, олардың алғашқылары өз кәсіптерін бастап та үлгерді» - Н. Мұсаева.
Сонымен қатар, облыстық «Ана мен бала» орталығының директоры Г.Жұмашева Мемлекет басшысының ана мен бала денсаулығын жақсартуға жіті мән беруінің нәтижесінде өткен жылы облыс бойынша 18600 сәби дүиеге келіп, аймағымыз бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы төрттікке енгенін атап өтті.
Мұнан өзге, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова Мемлекет басшысының Жолдауындағы адами капитал сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарға да тоқталып өтті. 
«Бүгінгі күні кітапханамызбен «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана» жобасы аясында Мемлекеттік Электронды кітапханалық қорды толықтыру және кітаптардың электронды көшірмелерін орналастыру үшін 101 автормен келісім-шарт жасалды. Бұл өз кезегінде кітапхана қызметінде электронды ақпараттық ресурстарды белсенді қолдану арқылы кітапты электронды нұсқада оқып, аудионұсқада тыңдауға мүмкіндігін туғызып отыр» - деді Н. Мырзамұратова.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: