Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдариялық кәсіпкер отбасылық бизнесті өркендетті

Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде отбасылық бизнесті бастаған Үсенбаевтар отбасы кәсіптің өзгеше түрімен айналысқанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Яғни есік алдындағы бау-бақша өнімін кәдеге жаратып, оны игеруді мақсат еткен Жанна Үсенбаева өзін кәсіпкер санайды. Жанна кәсіпкер ретінде тіркеліп, мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр.
Жанна жұмыссыз ретінде ізденіп, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасы шеңберінде арнайы жоба әзірлеп, оны сәтті қорғады. Жоба «Көкөністерді консервілеу» деп аталады. Жеңіп алған грант негізінде Жаннаға анасы Алтыншаш апа жәрдемдеседі. Екеуі бау-бақша өнімдерінен, жеміс-жидектерден түрлі тоспа, тәтті сусын, шырын дайындайды. Өндірілген өнімді тұтынушыларына ұсынып, оны кәсіпке айналдырды. «Сұраныс бар жерде, еңбек өнімділігі де артады» демекші, қазір бұл отбасылық бизнестің нағыз қызған шағы. Жеміс-жидектерді үлгіртіп, оларды банкіге басып, қызу еңбек үстінде.
Сонымен қатар Үсенбаевтар отбасында кенже ұл да қол қусырып отырған жоқ. Әділет – өзінің «Әділет-Аңсар» атты жеке кәсіпкерлігінің иесі. Ол «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен же­ңіл­детілген пайызбен несиеге қол жеткізді. Бұл мүмкіндікке серіктестіктің оқу курсынан өтіп, сертификат алғаннан кейін ие болды. «Қой шаруашылығын ашу» жобасы аясында 1 млн 200 мың теңге алған Әділет Шопан ата төлін көбейтумен айналысып, болашақта ірі шаруа иесіне айналмақшы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: