Астана, 2026 жылғы 15 сәуір күні бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады. Жаңа партия өзін прогрессивті реформалардың жақтаушысы, Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде танытады.
![]()
«Әділет» партиясының негізгі мақсаты мен міндеттері – Жаңа Конституция қағидаттары мен Әділетті Қазақстан құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау.
Жаңа ұйымның миссиясы – 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жаңа партия прогрессивті жастарды, түрлі сала мамандарын, қала мен ауыл тұрғындарын, яғни отандастарымыздың мүдделерін шынайы қорғауға және баршаға ортақ әділдікті орнатуға атсалысуға дайын қазақстандықтардың басын біріктіреді.
«Біз экономикасы қуатты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта абыройлы да беделді, Әділетті мемлекет құру және оны нығайтуға мүдделі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді», - деп мәлімдеді бастамашылар.
ӘДІЛДІК, ПАТРИОТИЗМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК және ПРОГРЕСС құндылықтарына сүйене отырып, партия бастамашылары мынадай басымдықтарды жариялады:
• Барлық қазақстандықтар үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, кландық, өңірлік ерекшеліктердің ықпалын азайту;
• Тәуелсіз, тиімді әрі объективті құқық қорғау және сот жүйесін нығайту;
• Экономикалық әділдік пен Қазақстанның тұрақты дамуы.
Жаңа партия өзінің саяси күн тәртібін қалыптастыру аясында азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және сала мамандарымен тығыз ықпалдасуға ниетті.
16 сәуірде бастамашы топ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жібереді және жақын арада партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлады.
БАҚ үшін байланыс мәліметтері:
«Әділет» партиясының ұйымдастыру комитеті:
Электрондық пошта: adilet.official.kz@gmail.com
Қарлығаш Жаманқұлова, тел.: +7 (701) 774 01 05
Кенжеханұлы Рауан, тел.:+7 (747) 778 76 98
Instagram: @Adilet_partiyasy
Құрметті отандастар!
Біз, прогрессивті реформаларды қолдайтын,
Әділетті Қазақстан құру идеясын ұстанатын азаматтар,
жаңа саяси күш — «Әділет» партиясын құру бастамасымен жариялаймыз!
Біз 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Жаңа Конституцияны қолдаған ел азаматтары басым бөлігінің үнін білдіреміз.
Бұл ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған тарихи қадам.
Біз бүгінгі күн – жаңа саяси ұйым құру үшін шешуші сәт екеніне сенімдіміз.
Бұл ұйымның басты мақсаты — әрбір Қазақстан азаматының нақты мүддесіне қызмет ету.
«Әділет» партиясы елімізді жан-жақты жаңғырту бағытын жүйелі әрі тиімді жалғастыру үшін құрылады.
Біз еліміздің жасампаз күштерді біріктіріп, әділетті, тиімді және ашық мемлекет құруға ұмтыламыз.
Қазақстан — экономикасы қуатты, әр адам үшін тең мүмкіндіктер жасалған, халықаралық деңгейде беделі жоғары ел болады.
«Әділет» партиясының негізгі мақсаты — Жаңа Конституция қағидаттарына және Әділетті Қазақстан құндылықтарына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау.
Мәлімдемеге қол қойған бастамашыл топ мүшелерінің тізімі:
1. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
2. Бектуров Ренат Нұрмолдаұлы
3. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
4. Зәкиева Динара Болатқызы
5. Кенжеханұлы Рауан
6. Кузиева Замира Закиржанқызы
7. Қарабасова Лаура Шапайқызы
8. Құсайынов Айғазы Әмірланұлы
9. Лаврентьев Андрей Сергеевич
10. Матжани Нұрбек Сейілханұлы
11. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
12. Сүгірбай Аят Исатайұлы
13.Тауан Мұхамедқали Эдуардұлы
14. Тен Ирина Сергеевна
15. Шибутов Марат Максұмұлы
16. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы