Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Танымал қазақ әншісін полиция ұстап әкетті – видео

Танымал қазақ әншісі Арман Қоңырбаевқа төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Әртіс түн ортасында Алматының Абай даңғылында орналасқан лаундж-барға барған. Бұл туралы мегаполис полициясы хабарлады.
"Бұл ойын-сауық мекемесі елде төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл бардың есігі айқара ашық тұрмаған: олар тек сенімді клиенттерін ғана кіргізген. Олардың арасында Арман Қоңырбаев та бар болып шықты, ол кінәсін мойындады", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен әншіге 10 АЕК (27 780 теңге немесе 65 доллар) айыппұл салынды.
Он адам, оның ішінде мекеме иесі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен, лаундж-барда қамауға алынған тағы екі адамға айыппұл салынды, қалғандары бес күннен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: