Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕР СТУДЕНТ АТАНДЫ

БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕР СТУДЕНТ АТАНДЫ«Болашақ» медициналық колледжінде  «Иесі болашақтың – сендер жастар» атты кеш өтті. Мерекелік шарада жастар өнерлерін ортаға салып, ән мен жырдан шашу шашты.
Колледж директорының орынбасары Жомарт Досжанов оқу орнына жаңадан қабылданған студенттерді құттықтап, ақ жол тіледі.
 Кеш барысында барлық студент өз қызметтерін адал атқаруға, мүмкіндігінше адам өмірінің арашашысы болуға ант етті. Сонымен бірге 1-курс студенттеріне студенттік билет пен сынақ кітапшасы салтанатты түрде тапсырылды.
– «Болашақ» медицина колледжі 2013 жылы ашылды. Мұнда студенттің білім алуына бар жағдай жасалған. Заманауи техникамен жабдықталған. Жатақхана жағында да мәселе жоқ. Оқытушылар құрамы жоғары санатты. Білім алушылар іс-тәжірибеден өту үшін бірнеше емдеу мекемелерімен келісім шарт жасастық. Жыл сайын студенттер саны артып келеді, – дейді колледж директорының орынбасары Гүлдариға Боранқұлова.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: