Оқушы қыздарға анайы әрекеттер жасаған мұғалім 5 жылға сотталды
2012 жылдан бері оқушы қыздарға қырғидай тиді деп айыпталған Қызылорда қаласындағы №43 мектептің дене шынықтыру пәні мұғаліміне қатысты үкім оқылды6 деп хабарлайды 7 арна.
Өткен хабарларымыздың бірінде осы мұғалімнің оғаш қылығын көрген оқушы арнамызға сұхбат берген еді. Бүгін міне сол даулы іске нүкте қойылды. Қаладағы №43 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты істің шешімі жарияланды. «Жасөспірімдерді азғындады деп айыпталған мұғалімді 5 жылға бас бостандығынан айырып, 12 жылға педагогтық қызметінен шеттетті.
Айбек ӘБУ, Қызылорда облыстық Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданарлық сотының төрағасы:
-Әрекеттер бұрыңғы қолданыста болған қылмыстық кодекске байланысты, кодекстің санкциясы көлемінде жаза берілді. Қазіргі әрине қылмыстық кодекс бойынша бұл әрекеттер 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Алайда заңға сәйкес, конституцияға сәйкес, ауырлататын қылмыстық заңдар сотталушы жүрмейді.
Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданарлық соты төрағасының айтуынша, процесс барысында сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрапты. Алайда, қыздарының болашағына алаңдаған ана көңіліне ол медеу бола алмады.
Гүлзат ӘЛЖАНОВА, жәбірленушінің анасы:
-5 жыл өтеді де кетеді. 5 жылдан кейін ол аман есен шығады. Менің қызыма әрі қарай тиіспесіне кім кепіл, оған. Құдай берсін әрі қарай жазасын. Мен бірақ әрі қарай әлде де ізденемін.
Жәбірленуші тарап енді мектептің өзге мұғалімдерінің үстінен шағым түсірмек. «Себебі олар сотталушының ісін білсе де жасырып келді» деп есептейді.