Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҮШ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БАЙҚОҢЫРДА ЕМ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ҮШ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ БАЙҚОҢЫРДА ЕМ ҚАБЫЛДАЙДЫ

 

Көпшіліктен сүйінші сұрап ашқан Байқоңыр қаласындағы ауруханада Арал, Қазалы, Қармақшы ауданының тұрғындары ем қабылдауда. 
Облыстық медицина орталығының филиалы ретінде ашылған емдеу мекемесінде білікті дәрігерлер жұмыс жасауда. Қазіргі кезде, 30 төсектік терапия бөлімінде эндокринді науқастар, тыныс жолдары, асқазан –ішек аурулары бар науқастар ем қабылдаса, 30 төсектік оңалту бөлімінде инсульттан және нейрохирургиялық отадан кейінгі науқастар сауықтыру шараларын қабылдауда. 
Қазалы ауданының 67 жастағы тұрғыны Сағымбаева Әсия көп жылдан бері қант диабетімен ауырады екен. Ал, Арал ауданының тұрғыны 45 жастағы Тлеубаев Таңсықбай инсульттан кейінгі сауықтыру шараларын қабылдап жатқандығын айтты. Емделушілер дәрігерлер қызметіне дән риза, дәрі-дәрмек жеткілікті. 
Өздеріңізге белгілі, 2008-2010 жыл аралығында ҚР бюджетінен бөлінген қаржыға 80 төсектік қалалық перзентхананың құрлысы салынған болатын. Бірақ Ресей жағы ғимаратты қабылдаудан бас тарты. 
Үшінші мемлекетаралық отырыс комиссиясының Байқоңыр қаласындағы перхентхана ғимаратын – 100 келушіге арналыған кеңес –беру диагностикалық және көпсалалы 120 төсектік ауруханаға айналдыруға шешімі қабылданған болатын. 
Перзентхана ғимаратын көпсалалы стационарға айналдыруға қайта мамандандыру жүргізілді. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №656 Қаулысына сәйкес, қажетті медициналық қондырғылармен жабдықтау үшін қаржы бөлініп, медициналық құрал-жабдықтар алынды. Мамандар тапшылығын болдырмау мақсатында, стационарды облыстық медицина орталығының филиалы ретінде қарастырылды.
Сонымен қатар, қазақстандық медициналық ұйым, Ресей елінің көрсететін медициналық қызметтерін; алғашқы медико-санитарлық, амбулаторлы-емханалық, әскер қатарына шақырылғандарды, туберкулез, жұқпалы аурулар, психикалық ауытқушылылқпен стационарлық емдеуді, (қаржыландырудың 70 - 80% алып отырған) қайталамайды. Стационарда жаңа медициналық қызмет түрлері - офтальмология және оториноларингология ашу жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: