Алматы қаласында гандболдан супер лига әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-туры өтуде. 3-сәуірде басталған жарыс жұма күні мәреге жетіп, чемпион мен жүлдегер командалар анықталады.
Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының командалары қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде «Сейхун-ҚАМ-ҚМУ» командасы Астана қаласының командасымен кездесіп 25:18 есебімен ұтты.
Екінші күні Алматы қаласының командасымен күш сынасып, 36:23 есебімен қызылордалықтар басым түсті.
«Сейхун-ҚАМ-ҚМУ» командасының ойыншылар құрамы: Евгения Цупенкова, Жанат Айтенова, Виктория Колотинская, Дана Әбілда, Наталья Полуянко, Ксения Щадрина, Мария Пупченкова, Екатерина Юрина, Анна Субботина, Зарина Чугунова, Мадина Есдәулет, Феруза Ысқақова, Аида Жақсылық, Анель Құлмағанбетова.
Команданы жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Ким дайындады. Келесі тур 10-16 мамыр айында Алматы қаласында болады.