Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар азаймай тұр

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар азаймай тұрҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 6-бабына сәйкес, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету мемлекет саясатының мақсаты болып табылады.
Бұл Заң талаптарының өз дәрежесінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында және балалардың (кәмелетке толмағандардың) құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында прокуратура органдарымен үнемі қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Прокурорлық қадағалау жұмыстары көрсеткендей,  ішкі істер, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен қолданылған шараларға қарамастан кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны азаймауда.
Жалпы, статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша 2015 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 83 (2014 ж.- 78) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5-ге немесе 6,4 % өскен.
Бұл санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар, Қармақшы ауданында 0-ден 5-ке, Жалағаш ауданында 0-ден 2-ке, Шиелі 7-тен 13-ке, Жаңақорған ауданында 3-тен 8-ге өскен.  
Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 3 қылмыстық теріс қылық болып танылса, ал 79 (оның ішінде 13 онша ауыр емес, 57 ауырлығы орташа, 7 ауыр, 2 аса ауыр) қылмыстар болып табылады.
Кәмелетке толмағандармен қылмыстардың жасалу себептері мен жағдайларына тоқталар болсақ, қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің отбасы жағдайлары орта деңгейде яғни, басым бөлігінің ата-анасы жұмыссыз, тұрақты табыс көздері жоқ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұялар.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың өздерінің әрекетерінің қылмыс екенін ұғынбауы, заң талаптарын білмеуіде кері әсерін тигізуде.
Аталған санаттағы тұлғалармен негізінен басым бөлігі меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалғанын көрсетті (49 қылмыс немесе 59,7 % ).
Кәмелетке толмағандармен ұялы телефон, ақша, тамақ өнімдері, компьютер, өндірістік, автокөлік заттары, темекі өнімдері, бейнетіркегіш құралы, алтын бұйымы, тұрмыстық заттар ұрланған.  
Мысалы, Қармақшы ауданының тұрғыны Т.М.-ның қорасындағы малының ұрлану фактісі бойынша белгісіз адамға қарсы ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарымен аталған қылмысты жасаған кәмелетке толмаған  Е.С. мен ағайынды Н.Б. және Е.Б. екені анықталып, олардың қылмыстық әрекеттері толығымен дәлелденген.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен жиі орын алатын қылмыстардың ішінде ол бұзақылық қылмысы болып табылады.
Осы мерзімде тіркелген 83 қылмыстың 12 немесе 14,4% бұзақылық қылмыстары құраған. Яғни, кәмелетке толмағандардың бір-бірімен ерегесіп, себепсізден соққыға алумен ұштасқан.
Облыстық прокуратура органдарымен кәмелетке толмағандармен орын алған және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстар жалғастырылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: