Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Конкурс нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен және Қызылорда облысының білім басқармасының бұйрығы негізінде Садықов Талғат Құрақбайұлы Жалағаш ауданының білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 
Жаңа басшыны облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Талғат Садықов 1980 жылдың 23 мамырында  Жалағаш ауданында  дүниеге келген. 1997 жылы №118 орта мектепті бітіріп, 2004 жылы Тараз қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы  Халықаралық қазақ - түрік университеті тарих және география пәндерінің мұғалімі. 
 2019 жылы «Болашақ» университетінің педагогика ғылымының магистры.
Еңбек жолын 2004 жылы  №118 орта мектепке география пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 2006 жылы  аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2007 – 2010 жыл аралығында бас маман,  2010 жылы  аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған. 2010 – 2020 жылдары №201 мектеп-лицей директоры болып қызмет атқарып келді. 
Облыс әкімінің, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымының Құрмет грамоталарымен, Білім және ғылым министрінің  Алғыс хаттарымен марапатталған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: