Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеді

Өткен жылда құрылыс жұмыстарының көлемі бағалау есебімен 106,5 млрд теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 31,6 пайызға төмен. «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры, «Жезқазған-Сексеуіл» темір жолдары, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» құрылыс автожолдарының аяқталуына байланысты төмендеді. 

 

Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Бақыт Сапар хабарлады. 
- 2014 жылда 2012 жаңа ғимараттар салынып аяқталды. Олардан 1939 тұрғын үй және 73 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар. 2014 жылдың басынан бастап 14 мектеп, 7 мектепке дейінгі мекеме, 16 амбулаториялық мекеме іске қосылды, - деді департамент басшысы.
Айта кету керек, 2015 жылдың қаңтар-ақпанында құрылыс жұмыстарының көлемі, бағалау есебімен, 4,4 млрд теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 16,0 пайызға кем. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір үлес салмағының көлемі 835 млн. теңгені құраған жолдар және автомагистральдарды салу бойынша құрылыс жұмыстары алды. Биыл 406 жаңа ғимараттар салынды. Оның ішінде 403 тұрғын үй және 3 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: