Қазалыда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын талқыланды
«Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен Әйтеке би кенті және Қазалы қаласының белсенді жастармен кездесуі өткізілді. Кездесуге аудандағы колледж студенттері, ерікті жастар қатыстырылды.
Кездесудің күн тәртібінде биылғы жылдың 9 ақпанында қабылданған Жастар саясаты туралы заңын аудан жастарын түсіндіру, және маңыздылығын айқындау, Қазалы ауданы бойынша жастар арасында еріктілер жасағының тізімін нақтылау және Қазақтан студенттер Альянсы Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің атқарған жұмыстарымен алдағы атқаратын жұмыстары жөнінде, сонымен бірге жастар парламенті турасында толық түсіндірме жұмыстары талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты. «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Олжас Ахметов 2015 жылдың 9 ақпанында қабылданған Жастар саясаты туралы заңы туралы толық ақпарат беріп, заңда орын алған өзгертулер мен толықтырулар турасында түсіндірме жұмысын жүргізді.Сонымен бірге ауданымызда жастар арасында еріктілер жұмысын жүйелендіруге байланысты, өз пікірін айтты.
Жиын барысында сөз алған «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің аға кеңесшісі Қуаныш Жиенқұлов жастар қоғаммен тығыз байланыста болуы үшін, ең алдымен өзінің ізденімпаз болу керектігін айтып өтіп, еріктілердің жұмысын көтеру үшін бірге жұмыс жасауға шақырды. Келесі мәселе бойынша Қазақтан студенттер Альянысы Қазалы ауданы бойынша өкілдігінің атқарған жұмыстарымен алдағы атқаратын жұмыстары жөнінде, Қазақстан студенттер Альянысы Қазалы ауданы бойынша көшбасшысы Е.Құсан хабарлама жасап, алдағы атқаратын жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Яғни Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің қолдауымен аудан жастарын тарихи жерлерге саяхат жұмысы, Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерімізді ардақтайық акциясымен олардың отбасына барып құрмет көрсету және қол көмегін тигізу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілетіндігін айтты. Жастар парламентіне байланысты, үстіміздегі жылы барлық мектеп және арнаулы оқу орнындарында Қазалы ауданының жастар Парламенті депутаттарының сайлауы өткізілуі туралы ақпарат берді бөлім басшысы. Кездесу барысында жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын білдірді.