Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының төрағалығымен азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі бөлімшелерімен 2016 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша және алдағы жұмыс жоспары туралы жиналыс өткізді.
Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Болатбек Қосмуратов ағымдағы кезеңнің қорытындылары жөнінде есеп берді. Сонымен, Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі бөлімшелерінің есеп беру кезеңінде 942 шығу болған. Оның 334 өрт сөндіруге, 34 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, өртке жатпайтын жан оқиғасына 573 және 1 рет жалған шақыруға шыққан. Қызылордалық құтқарушылардың жұмыстарының нәтижесі 9 адамның өмірін құтқару болды, өрт болған жерге уақытты қысқартып уақытылы келу 121 адамды көшіруге мүмкіндік берді.
Әрі қарай, қорытынды жиналыста қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінің басшыларының және мекеме бөлімшелерінің есептері тыңдалды. Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ерман Орынбаев өз баяндамасында Көкшетау техникалық институтына түсуге кәсіби-насихаттау жұмысын, кезекші өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің кәсіби дайындық қорытынды нәтижелерін атап өтті. Сондай-ақ азаматтық қорғау қызметкерлердің спорттық жетістіктері жөнінде баяндап берді.
Іс-шара барысында ақаулы өрт гидранттарына қатысты проблемалық мәселелер көтерілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша департамент бастығы өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамына жеке тәрбие жұмысы бойынша іс-шараларды арттыру көрсетті. Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде жедел-үйлесімді жұмысты, төтенше жағдайды жоюды атап өтті және кәсіби шеберліктерін көтеруге ең тиімді қызметтік міндеттерінің деңгейін орындау үшін жұмысты жалғастыруды тапсырды.