Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында ұн тартатын кешен кеңейіп келеді

«KZ-МВК» ЖШС – Қызылорда облысындағы ұн өндіретін ірі кәсіпорын. Заманауи жабдықтардың арқасында барлық өнім мемлекеттік стандарттарға сай шығады. Зауытта астық тазартылып, кептіріліп, тартылып, дайын ұнға ұнға премикстер қосып, қапталады. 

Жоғары және 1-сұрыпты ұнға қажет 3-ші сыныпты бидайды жергілікті диқандар жеткізеді. Кәсіпкер Каюпов Биғали Әбдікерұлы өз қызметін 2009 жылы аймақтағы мұнай компанияларына тамақ тасып, Жосалы ауылында қонақ үй қызметтерін көрсетуден бастаған.
2018 жылы жоғары сапалы бидай ұнын шығару және аймақта негізгі азық-түлік тауар бағаларын тұрақтандыру мақсатында «KZ-МВК» ЖШС бидай өңдеп, ұн тартатын өндіріс құру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар компания астық қалдықтарын малға құрама жем ретінде де сатады.
Компания өндіріске ғимарат алып, айналым қаражатын толықтыру керек болған кезде «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оның тек 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді, қалған 8%-ын мемлекет субсидиялайды. Сонымен қатар, «Даму» қоры несие сомасының 36%-ына кепілдік берді. Бұл – кәсіпкерге банктен қажет сомасын алуға мүмкіндік берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: