Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық дзюдошылар командалық есепте екінші орын алды

Атырауда дзюдодан 1995-1996 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль олжалап, екінші орынды иеленді. 

 

 Қызылордалық дзюдошылар командалық есепте екінші орын алды


Бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, үшінші орынды Астана қаласының командалары еншіледі. Жарыс ұлдар арасында 8 салмақта, қыздар арасында 7 салмақта кімнің мықты екенін анықтады. 
Жекелей сында 57 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Болатбекова (Тасбөгет спорт мектебі), 60 келіе жалағаштық Жақсыбек Жеңісбек және +100 келіде қармақшылық Еламан Ерғалиевтер жақсы өнер көрсетіп, ел чемпиондары атанды. 
44 келіде Гүлфайруз Наймантаева (№1ОМБЖОРМ), 55 келіде Дидар Тәттібай (Жалағаш ауданы), 57 келіде Ақерке Мырзабек және 63 келіде Айжан Болат (екеуі де обл.жоғары спорт шеберлігі мектебінен) күміс медальді иеленді. 
44 келіде Адия Сайын, +78 келіде Қымбат Тұршабек (екеуі де №1ОМБЖОРМ), облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 55 келіде Мағжан Шамшадин, 60 келіде Бауыржан Жауынтаев, 78 келіде Жания Махмудова, 81 келіде Саламат Жұрқабаев және 78 келіде Күлімшат Еркін (спорт интернат) қола жүлдеге қол жеткізді. 
Қален Қалиұлы, Жанарбек Сансызбаев, Жанар Дюсекенова, Қайрат Төленов, Арман Молдаханов және Дархан Алмаханов сынды бапкерлерден тәлім алатын спортшылар биылғы жылдың қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінде болатын Әлем чемпионатына жолдама алу мақсатында төрт Еуропа кубоктеріне қатысады. Олар: 19-26 наурызда Германияда, сәуір айында Санкт-Петербургте, мамырда Австрияда, шілдеде Чехияда өтеді.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: