Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық кәсіпкер кондитер дүкенін ашты


Айнұр мамандығы бойынша медбике. Тәтті торт пісірудің шебері бала күтіміне байланысты демалыста болғанда тәттілерін инстаграмм арқылы үйде отырып сата бастаған. Бастапқыда мұздатқыш, миксер секілді техника жетпегенде түрлі шеберлік сағаттарын өткізіп, шешкенін айтуда.
Бұл саладағы білімін Мәскеуден және Краснодардан келген мамандардан шыңдаған ол, бүгінгі таңда торт пісіруді бизнеске айналдырғанына 6 жыл толды. 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен махаббаты, осы салада мықты маман болу деген арманы - кәсібін әрі қарай дамытып, ұлғайтуға итермелеуде. Айнұр «Сбербанк» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алып, биыл кондитерлік-дүкенін ашты. Қаражатты аппарат, мұздатқыш т.с. жабдықтар алуға жұмсады.
Дүкенде түрлі тәтті-дәмділермен қатар кофе мен шайға тапсырыс беруге болады. Айнұр Даму Қорына жас кәсіпкерлерге жол ашып, қолдау көрсеткеніне алғыс білдіріп, өзінің сол көрсетілген қолдауды тиімді пайдалануға бар күш жігерін салатынын айтуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: