Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сотталғандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатуда кедергілер аз емес

Сотталғандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатуда кедергілер аз емесҚызылорда облысында соттармен 2006 жылы жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы талап-тілектердің – 54% қанағаттандырылса, 2007 жылы-37%, 2008 жылы-33%, 2009 жылы-21% қанағаттандырылып, нәтижесінде 2007-2010 жылдары аралығында түрмедегі жаза өтеушілердің санының 51 мыңнан 63 мыңға дейін, яғни 23 % өсуіне әсер еткен. Яғни, түрмедегі жаза өтеушілердің санын төмендетуге бағытталған мемлекет тарапынан жасалып жатқан шараға кері әсерін тигізуде.
Қызылорда қалалық № 2 сотының төрағасы С.Сүлейменнің айтуынша, ҚР Жоғарғы Сотының 25.12.2007 жылғы № 10 «Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы» (бұдан әрі ШТМБ) Нормативтік қаулысының 6-тармағына толықтыру енгізіп, соттардың назарына жәбірленушінің пікірі негізгі болып табылмайтыны және ол пікір сотталғанның түзелу жолына түскенін айғақтайтын басқа да мінездемелердің жиынтығымен бағалану қажеттігіне назар аудару қаралған.
Соттармен жаза өтеуден ШТМБ босатуда жәбірленушінің пікірін ескеру немесе ол пікірді басқа мінездемелердің жиынтығымен бағалауды төмендегі негіздерге сәйкес, қолданыстан алу қажет деп санаймы
Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 75 бабында жәбірленушінің құқықтары, оның ішінде қылмыстық іс бойынша жүргізілетін анықтау, тергеу жүргізу әрекеттерінде және істің сотта қаралуы мен соттың апелляциялық және қадағалау сатыларына шағым келтіру құқықтары нақты қаралса,   заңды күшіне енген үкімнің орындалуы (яғни, сотталушының жаза өтеу заңдылығы) ҚР ҚАК-мен реттелгендіктен жаза өтеуден ШТМБ босатуға қатысты жәбірленушінің құқықтары қаралмаған.
ҚР ҚАҚ-нің 169 бабының 3 бөлігіне сәйкес, сотталғаннның жаза өтеуден ШТМБ босатуды сұрау туралы талап-тілегіне тек жазаны орындауды атақаратын мекеме әкімшілігі ғана оның түзелу жолына түскендігін айғақтайтын құжаттарды сотқа ұсынатыны қаралған.
Яғни, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, кінәлінің қылмысын дәлелдеуде, айыптап сотқа беруде, сотта қаралып жаза тағайындауда, сот үкіміне шағым келтіруде жәбірленушінің пікірін ескеру қаралса, қылмыстық-атқару заңына сәйкес, тағайындалған жазаны өтеуде түзелу жолына түсіп ШТМБ босатылу мүмкіндігі сотталушының өзіне берілген.
Бірнеше жылға бас бостандығынан айырылып (орташа есеп 8,5 жыл көрсетілген), түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғанның түзелу жолына түскендігі немесе түспегендігі туралы жәбірленушімен мінездеме берілуі мүмкін емес. Себебі, жәбірленушіге түзеу мекемесіндегі жаза өтеушіге бақылау жүргізу құқығы қаралмаған және араларында байланыс үзілген.
Сонымен қатар, нормативтік қаулының 9 тармағында қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдағанын ескеру қажеттігі қаралған.
Жәбірленушімен  сотталғанды  ШТМБ босатуға қарсы болатын пікірі негізінен келтірілген залалдың өндірілмеуімен байланысты болуда. Бұл жағдайда ақылы жұмысқа жарамды сотталғандардың тең жартысы жұмыспен қамтамасыз етілмейді, олардың жаза өтеу орнында залал орнын өтеуге мүмкүншіліктері жоқ.
Сотталған мүгедектігіне немесе түзеу мекемесі жұмыспен қамтамасыз етпегендіктен ақылы жұмыс атқармаған жағдайлар (дәлелді себептер) мен ақылы жұмыс істеуден қасақана бас тартудың салдарынан залалдың өндірілмеуіне сотпен екі жақты баға берілуіне назар аудару туралы нормативтік қаулының 9 тармағына  толықтыру енгізу қажет.
Ал, соттың нормативтік қаулысының 6 тармағына жәбірленушінің пікірі сотталғаннның түзелу жолына түскенін айғақтайтын басқа да мінездемелердің жиынтығымен бағалану қажеттігі туралы толықтыру енгізілуі ШТМБ босатуда қалыптасқан осы түйткілді түпкілікті шешпейтінін байқатады.
Сондықтан, жаза өтеуден ШТМБ босатуда нормативтік қаулының 6 тармағындағы жәбірленушінің пікірі туралы талап қолданыстан алынып тасталуға және 9 тармағындағы залалдың дәлелді себептермен өнідірілмегенін ескеру қажет деп санаймыз.
Себебі, сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуда жәбірленушінің пікірін ескеру заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2007 жылдан басталып, оның соттармен қолданылуы күрт төмендеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: