Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қайтарымсыз қаржы кәсіпкерлікті ширатады

Өндірістің өрісі кеңеймей өңір де өркендемейді. Мемлекеттің жер-жерде кәсіпкерлік саласын дамытуды міндеттеуі де сондықтан. Тіпті бұл саланы дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар да жасалып шықты. Қазір оның ел игілігін көріп отырғанын бір ғана Жалағаш ауданынан байқауға болады. Бір жағынан іскер азаматтар кәсіппен кірісін еселесе, келесі кезекте аудан экономикасына серпін беріп жатыр.


“Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, кәсіпке бет бұрған жандарды қолдап жатыр. Әсіресе осыған дейін аталған бағдарламамен қайтарымсыз қаржыға ие болған аудан тұрғындары бүгінде бастаған жобасының жемісін көріп жатыр. Рас 500 мың теңгеден астам қаржымен алып кәсіпорын құру қисынға келмес, бірақ кез келген үлкен дүниеге аз ғана қолдау бастамашы боларын жалағаштықтар жақсы біледі.
Әдеттегідей комиссия отырысына келгендер алдымен өз жобаларын таныстырды. Мұнан кейін оны жүзеге асыруға не себепті бел буғандарын жеткізді. Барлығында талап бар. Тек қаржы мақсатты жұмсалуы керек, осыны қаперден шығармаса дейміз ғой.
Бірінші болып, Аламесек ауылдық округінің тұрғыны Мұрат Жолдасбекұлы өз жобасын қорғады. Ол Есет батыр ауылында мал шаруашылығын дамытуға ынталы екен. Осыған дейін қорасындағы азын-аулақ уақ малына қарап отырған кейіпкеріміз жылқы шаруашылығын қолға алуға ынталы екен. Айтуынша, қорасы дайын, жем-шөбін де әзірлеп қойыпты. Тек тиісті қаржыға қол жеткізсе, ауылда мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерден 2 жылқы алып, оның басын көбейтпек.
Ауыл тұрғынының жарқын жобасын комиссия мүшелері қайтарымсыз грантқа лайық деп тапты. Енді ол жеке кәсіпкер болып табылады. Сондықтан мемлекетке төлеп отыратын ай сайынғы салығы бар. Мұндай жауапкершіліктен қашып отырған ол жоқ. Керісінше Қолдау көрсетіп отырған мемлекетінің азғантай талабын орындауға әзір екен.
– Осы жобаны қолға алғаннан оны жасауынан қаржы қолыма тигенше барлық қолдауын, кеңесін аямаған азаматтарға алғысым шексіз. Енді жылқыны алысымен оны бордақылауға кірісемін. Сөйтіп оларды сатылымға шығарып, басын көбейтуді қолға аламын. Оның үстіне қазір пайыздық үстемақысы төмен несиелер бар екен. Бұйыртса, оған да құжат дайындаймын. Ауылда мал азығы айтарлықтай мәселе емес. Кәсіптің бұл түрін қолға алғаным да сондықтан, – дейді Мұрат Жүсіпов.
Әдеттегідей бұл жолы да ауылдық елді мекендерден келген жоба авторлары көп болды. Басым бөлігі өз ауылдарында мал шаруашылығын дамытуға ынталы. Бірі уақ мал өсіру ісін қолға аламын десе, енді бірі ірі қара ұстап, оның етін де, сүтін де нарыққа шығармақшы. Комиссия мүшелері қайтарымсыз грантқа лайық деп танылған 15 жоба авторына жалпы құны 9 млн теңгеге жуық қаржы үлестірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: