Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылының тұрғыны Сүйеу Нұрлыбек жеке шаруашылығын бастады.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалы арқылы асыл тұқымды емес 10 бас аналық жылқы малын сатып алуға несие алды.
Несие мерзімі - 6,5 жыл̆. Жылдық сыйақысы - 6%.
Жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өз үлесін қоспақ.
Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы кәсіппен айналысамын деген кәсіпкерлерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы мүшелеріне 4 пайызбен несие береді. Негізгі борыш бойынша 2 жыл, ал сыйақы бойынша 9 ай жеңілдік мерзімі бар.