Ауыл балалары ағылшынша халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Жаңақорғандық қос дарын Элдар Ернар мен Бекжан Махмуд Кипрдің Паролимный қаласында 15 күн демалып, туған жерге оралды. Оларға бұл жолдама білімділер бәсекесінде топ жарғандығы үшін берілген еді.
Анығырағы, еліміздің білім ошақтарында оқушылар арасында ағылшын тілі пәні бойынша өткен халықаралық «British Bulldog» интеллектуалды байқауында жеңімпаз атанған болатын. Міне, осы білімпаздар додасында ағылшын тілін жетік меңгергендігі үшін шетелге бару құрметі облысымыздан осы қос өренге бұйырған.
Ақпарат ретінде айта кетейік, Ернар Элдар бүгінде кент орталығындағы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектепте 8-сыныпта, ал Махмуд Бекжан №169 Н.Илялетдинов атындағы 7-сыныпта оқиды.