Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалдыҚызылорда облысы әкімінің аппарат басшысының № 12-4-2-93 бұйрығына сәйкес 2015 жылдың 10 қыркүйегінен Ибраев Уәлихан Серікұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Ибраев Уәлихан Серікұлы - Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты
Туған күні, жері: 1981 жыл 13 шілде, Қызылорда қаласы Ғылыми зерттеу бағыты: Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, шаруаларды қоныстандыру ісі, ХІХ ғасырдағы жер мәселесі мен қазақтардың әлеуметтік-саяси өмірі, патшылық Ресейдің білім беру жүйесі, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси-әлеуметтік тарихы, өлкетану мәселелері.
1998 жылы Қызылорда қаласындағы № 187 Мұстафа Шоқай атындағы қазақ орта мектебін ерекше аттестатпен, 1998-2002 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі» мамандығын үздік дипломмен бітіріп, тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі біліктілігін алды.
2002-2003 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасында оқытушы.
2003-2006 жылдар аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институты аспирантурасының күндізгі бөлімінде мемлекеттік грант негізінде оқып, 2008 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы отарлық жүйесі (Граф К.К.Паленнің сенаторлық тексеру комиссиясының материалдары негізінде)» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
2007 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы. Сол жылдан бастап «Тарих және қазақ филологиясы» факультетінде, 2009-2011 оқу жылдары Гуманитарлық-педагогикалық мамандықтар бойынша сырттай оқу факультетінде декан орынбасары қызметтерін атқарды.
2012-2013 жж. университеттің «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі» ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер.
2013-2014 жж. Тарих, құқық және экономика институты директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.
2014 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
2015 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры.
Отбасында үш бала тәрбиелеп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: