Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанда жолбарыстар қайта пайда болады

Қазақстанда жолбарыстар қайта пайда боладыҚазақстандық ғалымдар 20 жылда жолбарыстарды қалпына келтiрмек. Бұл туралы бүгiн ҚР Президент жанындағы ОКҚ брифингi барысында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» ФК «Биотүрлiлiк» тақырыптық кеңесiнiң вице-президентi Сергей Скляренко мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Географиялық қоғам қолдау көрсетiп отырған жобалардың бiрi – Қазақстанда жолбарыстарды қалпына келтiру. Жоба бүкiләлемдiк жабайы табиғат қорының, нақты айтқанда, оның ресейлiк бөлiмшесi қолға алып отыр. Оның көздеген бiрқатар мақсаты бар. Оның бiрi - жолбарыстарды әкелiп қана қоймай, оның тiршiлiгiне қажеттi экожүйенi қалпына келтiру. Бұл жоба - кез келген жануардың iрi түрлерiн қалпына келтiру жобасы сынды - кем дегенде 20 жыл уақытты алады», - дейдi С.Скляренко.
Оның айтуынша, жобаның бастапқы кезеңi 5-7 жыл уақытты алмақ.
«Жақсы нәтижеге қол жеткiзсек, алғашқы жолбарыстар 2020-2021 жылдан ерте пайда болмайды. Бұл мақсатта экожүйенi қалпына келтiрiп қана қоймай, Iле маңында ерекше қорғалатын табиғи аймақ құрып, тұяқтылардың басын көбейту керек», - деп толықтырды ол өз ойын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: