Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшыда аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Қармақшыда аудан әкімі аппаратының басшысы  тағайындалдыАудан әкімінің 2015 жылдың қыркүйегіндегі №23-ө өкімімен Берік Бектайұлы Шерниязов Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Шерниязов Берік Бектайұлы 1979 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1995 жылы №183 Ү.К.Томанов атындағы орта мектебін бітіріп, Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетіне құқықтану мамандығы бойынша оқуға түскен. 1999 жылы заңгер біліктілігімен оқу орнын аяқтап шыққан. Сол жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі №2034 әскери бөліміне мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылып, 2000 жылы әскери міндетін өтеген.
2002 жылы мамыр айында Қармақшы ауданы әкімі аппаратына мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөліміне бас маман - заң кеңесшісі қызметіне орналасып, 2003 жылы наурыз айында осы бөлімнің меңгерушісі болып ауысқан.
2004 жылы қазан айында Қызылорда облыстық әділет департаменті Қармақшы аудандық әділет басқармасына бас маман қызметіне ауысқан.
2008 жылы шілде айында Байқоңыр аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр кешенінің обьектілерімен мүліктерін пайдалану шарттарымен сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы қызметіне ауысқан.
2009 жылы шілде айында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі болып тағайындалған.
2013 жылы наурыз айында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалып, осы жылдың шілде айында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы қызметіне ауысқан.
2014 жылы қыркүйек айынан осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы-құқық қорғау органдарымен жұмыс секторының меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: