Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ЖОБА СЫНАҚТАН ӨТЕДІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ЖОБА СЫНАҚТАН ӨТЕДІҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасының Меморандумына қол қойды, деп жазады mzsr.gov.kz.
Аталған құжат Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауылдық жерлердегі өзін өзі өнімді еңбекпен қамтыған азаматтар санын арттыру, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылық негізіндегі ұсақ тауарлы өндіріс, ауылшаруашылық өнімдерін қайта жасау, өткізу мен өндіру көлемін ұлғайту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында жасалды.    
«Бүгін біз «Нұр Отан» партиясымен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру бойынша Меморандумға қол қойдық. Жобаның негізгі мәні «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» қаражатының белгілі бір бөлігін өзіндік қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлы өндірісті дамытуға бағыттау болып табылады. Осы мақсатта микронесие сомасын 6 млн. теңгеге дейін көбейтеміз, сол арқылы өндірісті бірлесіп ұйымдастыру және қажетті мәселелерді шешу үшін, біз ұсақ фермерлік шаруашылықтар құруға және ауылдық тұтынушы кооперативтерге бірігуге ынталандырамыз. Ол, тұқыммен немесе жеммен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық техникасын немесе құрал жабдықтарды бірлесіп пайдалану, дайын өнімді өткізу мәселелері», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.
Сонымен қатар, Министр олардың өнімдерін азық-түлік тауарларына деген сұранысына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың (денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, түзету жүйесі және басқалар) сатып алуына мемлекет тарапынан  қолдау көрсетілетінін айтты.
«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өтетін болады. Жақсы нәтижелерге қол жеткізген жағдайда бұл тәжірибе Қазақстан бойынша таратылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: