2012-2015 жылдар аралығында Қызылорда облысының жалпы өңірлік өніміндегі өңдеуші өнеркәсіп өнімінің үлесі 4,5%-дан 13,5%-ға дейін өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында өңір әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.
"Өндірісті әртараптандыру облыс басшылығы жұмысының басты бағыты болып табылады. Іске асырылған шаралардың арқасында соңғы төрт жылда орташа республикалық көрсеткіш 2% астам болғанда, өндірістің өсімі 22,2% құрады», - деді спикер.
Сонымен қоса әкім сол кезең ішіндегі еңбек өнімділігі 4,5 есеге өскенін атап кетті.
Қызылорда облысы әкімінің айтуынша, өндірістің одан әрі өсуіне және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар септігін тигізетін болады. Олардың арасында салынып жатқан шыны зауыты, тау-кен байыту комбинаты, кальцийленген соданы шығаратын кәсіпорын және басқалары да бар.