Қызылорда облыстық футбол федерациясының кеңсесінде Тәртіптік кеңестің мәжілісі өтті. Онда шағын футбол лигасының 1-турындағы «Престол» – «Севен» кездесуі бойынша мынадай шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, «Севен» командасының ойыншысы Абзал Қанатұлы (№10) спортқа жат әрекеті үшін (қарсыласын ұрғаны үшін) шағын футбол лигасының 3 (үш) ойынына алаңнан аластатылады. Сондай-ақ,«Престол» командасының ойыншысы Мақсат Әбдікамалов (№10) спортқа жат әрекеті үшін (қарсыласын ұрғаны үшін) шағын футбол лигасының 3 (үш) ойынына алаңнан аластатылады. Шешім 29 қаңтардан бастап күшіне еніп, Шағын футбол лигасының аталмыш ойыншылардың командалары ойнайтын алдағы үш туры бойына дейін жалғасады.