Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы облыстық перинаталдық орталығының босанушы аналары мен көпбейінді облыстық балалар ауруханасының емделуші балаларына барды.
Онда бүлдіршіндер мен аналарға арнайы ақ тілектерін жаудырған Нұрымбет Аманұлы мен Сабит Бексеитұлы естелік сыйлықтар үлестірді.
Айта кетейік, облыстық перинаталдық орталығында босанған аналарға сыйлық табыстау дәстүрге айналған. Орталықта жылына шамамен 11 мыңға жуық әйел босанады. Жыл басынан бері облыс бойынша 18773 бала туылса, оның 10 358-і ана мен бала орталығында дүниеге келген.
Ал көпбейінді облыстық балалар ауруханасы 200 төсек орынға арналған. Медициналық мекеме озық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы аурухана ИВЛ, кювез, УЗИ аппараттарымен толықты. Сондай-ақ, республикалық стационарлар реитінгінде «Үздік емдеу мекемесі» номинациясын иеленді.
Онда жыл көлемінде 14 мың бала стационарлық ем қабылдайды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап аурухана құрамында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, 1800-ден аса бала оңалту емін қабылдады. Орталық мамандары республикалық Ресей және республикалық емдеу мекемелерінен кәсіби біліктіліктерін арттырған.