Қазалы ауданының орталық көшелеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды.
Әйтеке би кентінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы бейнебақылау камераларын орнатуға 2014 жылы аудандық бюджеттен 3264,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу өткізілді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Қызылорда қаласынан «АрданСтройKZ» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, кент көшелеріне, саябақтар мен алаңдарға 12 сыртқы бейнебақылау камераларын орнатты.
Негізгі қабылдағыш – таратқышантеналары Желтоқсан көшесіндегі 5-қабатты тұрғын үй шатырына орнатылса, басқару орталығы аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімінде орналасқан. Басқару орталығы аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімінде 2 LED экран, жүйелік блок, принтер, басқару джостигі, жүйелік видеорегистратор, 2-қабылдағыш антеналар орнатылған.