Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ-ң қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шара жүргізу барысында, Б. мен М. ұсталды. Оларға тексеру жұмыстары жүргізу барысында Б.-дан ақшыл сарғыш түсті ұнтақ заттар анықталып, айғақ зат ретінде алынды.
Бұл затты ол джинсы шалбарының алдыңғы оң жақ қалтасына салып қойған екен. Сарапшының қорытындысы бойынша, азамат Б.-дан алынған зат есірткілік құралға героинге жатады, салмағы – 1,38 г.
Қызылорда қаласының №2 сотымен сотталушы Б. ҚР ҚК нің 259-бабының 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу түзеу колониясының жалпы режимінде деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.