«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне орай Қызылорда қалалық білім бөлімі және қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №264 мектептің мәжіліс залында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік жиын өтті.
Шара барысында алдымен ортаға Қазақстан Республикасының туы әкелініп, әнұран шырқалды. Сондай-ақ, халық қалаулылары, Сыр елінің ардақты азаматтары Мұхамедов Мұрат Бахтиярұлы және Жұмаділдаева Наталья Василиевнаның Сыр елі ұстаздарына Ақордадан жолдаған бейне құттықтаулары көрсетілді. Шараны қала әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы ашып берді.
Одан әрі, мерекелік құттықтау сөз облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызына берілді.
Ұстаздар қауымының орны қашан да ардақты, осы орайда білім саласының үздіктері, шығармашылықпен айналысатын ұстаздар, оқушылары республикалық, облыстық, қалалық сайыстарда жүлделі орындар алып, сондай-ақ, ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздар, білім саласының ардагерлері Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік медалімен, Қала әкімінің Алғыс хатымен, Астананың 20 жылдық медалі, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, облыс әкімінің орынбасырының Алғыс хатымен, Ы.Алтынсариннің медалімен марапатталды.