26 шілдеде Қызылорда қаласының орталығында орналасқан дүкендердің бірінде ұрлық дерегі болған жайында полицияға шағым түсті.
Арызданушының айтуы бойынша қасықтар жиынтығын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын – 160 мың теңге. Ұрлық тіркелді деген жедел мәлімет бойынша оқиға орнына барған жедел уәкілдер күдіктінің “ізін суытпай” анықтады. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.