Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өскеменде кәріз құдығына түсіп кеткен ит құтқарылды

Өскеменде құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен итті құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көкжал Барақ көшесіндегі кәріз құдығына түсіп кеткен иттің қыңсылын жақын маңнан өтіп бара жатқан әйел естіген. Ол оқиға орнына құтқарушыларды шақырған.
"Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған жасағының қызметкерлері итті кәріз құдығынан жануарды аулауға арналған ілмектің көмегімен шығарған. Қазіргі таңда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі ит құтқарылғаннан кейін иесіне қарай қаша жөнелгенін атап өтті. Алайда жолдың ортасында кәріз құдығының неге ашық жатқаны белгісіз.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: