Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада кстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттаған адам сотталды

Қызылорда облысында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттаған адам сотталды. 
Қызылорда облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде ел аумағында сотпен тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымын жақтайтын облыс тұрғыны қолға түсті.
Облыстың 40 жастағы тұрғынының әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өзімен сұхбаттасушыларға экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттағаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекетінде құқық бұзушылықтың белгілері байқалған. 
«Оған қатысты облыстық полиция департаменті тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Онда қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру жағдайы көрсетілген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: