Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік бағдарлама игілігін көрді

«Ecovillage» монша кешені – көпшіліктің демалып, бусанып, шомылып, ойын-сауық ұйымдастыруына арналған және арнайы жабдықталған аумақ.
Жанұзақова Дария Қаттабайқызы 2018 жылдан бері кәсіпкер. Нарықты зерттеп, демалыс пен ойын-сауыққа әрдайым сұраныс бар екенін анықтаған соң 2020 жылы өзінің жекеменшік жер теліміне «Ecovillage» атты монша ойын-сауық кешенін салуға кірісті. 
Мұнда орыс моншасы стилінде қарағайдан қиылып салынған 11 ағаш үй, ашық бассейндер бар. Сондай-ақ Еуропа мәзірі бойынша дайындалатын түрлі тағамдар мен салқын сусындар да ұсынады.
Кәсіпкер монша кешенін салуға қаржы керек болған кезде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда өңірлік филиалына жүгінді. Мамандар кеңес беріп, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алуына қолдау көрсетті.
Жобаны «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Даму» Қоры қолдап, несиенің мөлшерлемесін 6%-ға дейін түсіріп субсидиялады.
Дария Қаттабайқызының айтуынша, жанға жайлы бұл кешенде әр түрлі ойын-сауық шараларын өткізуге болады. Біреулер дос-жаран, туған туыстарымен ауқымды кеш ұйымдастырады, екіншілері шағын отбасымен немесе сырлас жанмен оңаша отырысты қалайды. Яғни, кез келген тұтынушының көңілінен шығар қызмет көрсетуге әрдайым дайын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: