Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОҚО тұрғындарын алып анаконда шошытты

ОҚО тұрғындарын алып анаконда шошыттыҚазығұрт пен Шымкентті байланыстыратын тас жолды салу кезінде құрылысшылар құлатылған ағаш діңгегіне оратылған алып жыланды кездестірген. 
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бұл жыланның ауылдықтарға еш зияны жоқ және бірнеше жылдан бері осы төңіректі пана етіп жүр екен.
Суретте көрсетілгендей, жыланның жуандығы трактор доңғалақтарынан кем емес. Суретке түсірген адамның да жақындағаны байқалады. Алып жылан болса еш қарсылықсыз бейқам жатыр. Бұл фото әлеуметтік желілерге таралғалы қызу талқыға түсті.
Ал қазығұрттықтар айтылған аймақта мұндай жыландардың түрлісін кездестіруге болатынын айтады. Тұрғындардың сөзінше, бұл алып жыланды сол аймаққа келген Қытайдың азаматтары алып кеткен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: