Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда кәсіпкерлер жобасы қолдау тапты

Қазалы ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3 жоба мақұлданды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несиеге өтініш білдірген 53 кәсіпкердің жобасы қолдау тапты.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша КС «Қазалы Несие» ЖШС тарапынан 6 кәсіпкерлік субъектісіне 46,2 миллион теңге несие берілген. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «Мал шаруашылығын дамыту» жобасы аясында 2 кәсіпкер несиеге қол жеткізді. Бағдарламадан тыс екінші деңгейлі банк арқылы да кәсіпкерлер қолдау көруде.
Қазіргі кезде аудандық кәсіпкерлер палатасында қаржы ұйымдарына ұсыну үшін барлығы 1 026,5 миллион теңгені құрайтын 184 жоба жинақталған. Сала мамандары бұлар да шешімін табады деген сенімде. Осы жылы 20-дан астам кәсіпкерлік нысаны пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл арқылы 100-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Жыл басынан бері 74 адамды жұмыспен қамтитын 12 нысан пайдалануға берілді. Мәселен, «AquaService» көлік жуу кешені – 4, «MishkiKhan» гүлдер орталығы – 2 , «Tele 2, Altel» ұялы байланыс салоны – 3 , «ELO-oil» жанар-жағармай бекеті – 1, «Бизнес орталығы» жобасы – 1, «Тілеулес» мейрамханасы (Бекарыстан би ауылы) – 13 , «Мирас» сауда орталығы («Магнат» супермаркеті – 10 адам, «Мечта» электроника дүкені» – 30 адам), «Lux» көлік жуу кешені – 2, Ш.Наурызбаевтың жылыжай кешені – 2, А.Есекешовтің «Arzan» көлік жуу, өз-өзіне қызмет көрсету кешені – 2, Ж.Амановтың «Сауда үйі» – 1, «Бумер» көлік жуу кешені – 3 адамға жұмыс берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: