Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада баласы сал ауруына шалдыққан ана халықтан көмек сұрайды

Қызылордада баласы сал ауруына шалдыққан ана халықтан көмек сұрайдыҚызылорда қаласының кішкентай тұрғыны Ерасылға шұғыл көмек қажет. Ата-анасының айтуынша, 3-ке енді толатын ол эпилепсия және сал ауруына шалдыққан. Ал қалада мұндай науқастарды емдейтін дәрігер мамандар мүлдем жоқ деп хабарлайды 31 арна.
Дүниеге он екі мүшесі сау болып келген баласының бүгінгі халы Кенжегүлдің қабырғасына қатты батады.  Ерасылдың барлық кеселі алты айлығында аяқ асты салқын тиіп,  ауырғаннан кейін басталған екен. Ата-анасы қызылордалық мамандардың табалдырығын тоздырғанымен нәтиже болмаған. Ал қазіргі жағдайы мүлде ауыр.
"Қазіргі диагнозы – эпилепсия судрогалық синдромы. Жатады, қозғалмайды, отырмайды, жүрмейді, тұрмайды. Үнемі қолымда ұстап отырам. Дипоксинді өзгерту үшін эпилептологқа бару керек екен бірақ эпилептолог Алматыда, Астанада. Оның бәріне қаржы керек”, – дейді баланың анасы Кенжегүл Ақышева.
Ерасылдың дерті жергілікті дәрігерлерге де аян. Олар қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз дейді.
Қазір Ерасылдың тырыспасы ұстап, жиі – жиі ыстығы көтерілетін болған. Сондықтан анасы тегін көмекке қол жеткізгенге дейін баласының қандай халде болатынын ойлап, алаңдайды.
Ал  отағасының жалғыз табысымен күн көріп отырған отбасының әлеуметтік жағдайы да мәз емес. Енді олар жалғыз үмітіміз қайырымды жандарда дейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: