Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордадағы 68 аялдаманың 47-не зақым келген

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде өткен шұғыл кеңес отырысында Қызылода қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Есжанов қоғамдық орындарда тұрған кейбір мүліктердің бүлініп, ластанып жатқанын тілге тиек етті.


Оған жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлінген. Халық игілігіне пайдалансын деп салынған мүліктер осылайша істен шығып жатқан жайы бар. Мәселен, өткен жылы жаңадан салынған 68 аялдаманың 47-сі сындырылса, 32 ойын алаңының 10 алаңына зақым келген. Ал жаңадан орнатылған 8263 люктің 106-сы ұрланған. 
Оны адамдардың өз өмір сүріп отырған жеріне бейжай, жауапсыз қарауы деп түсінбескеамалы жоқ. Осы орайда, әр адам өзінен бастап, азаматтық ұстанымын танытып, өз ауласына жанашырлықпен қарау керек.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: