Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл тұрғыны омарташылықты қолға алды 

Сырдария ауданына қарасты Н.Ілиясов ауылының тұрғыны Роллан Олинов – «Жания» ЖК басшысы. Ол Өңірлік инвестициялық орталығынан «Еңбек. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы арқылы 1,5 млн теңге несие алып, кәсібін бастап, бүгінде бал өндіруді жақсы меңгерді.
Қазіргі таңда Роллан Нұрланұлы омарта шаруашылығымен айналысуда. Жеке кәсіпкер жылына 2,4 тонна өнім өндіруді жолға қойды. Дайын өнімді кәсіпкер Қызылорда қаласы мен аудан тұрғындарына өткізеді. Бүгінде оның тұрақты тұтынушылары мен сатып алушылары бар.
– Кәсіппен айналысушыларға мемлекет тарапынан бағытталып жатқан қолдау көп. Тек ізденіс пен еңбек керек. Сондай-ақ жаңаны үйренуден жалықпау қажет. Сонда ғана кәсіптің берекесі болады. Менің мақсатым – алдағы уақытта омарта шаруашылығын отбасылық бизнес ретінде дамыту. Бал өндірісінен пайда бар, сұраныс көлемі де жыл санап артып келеді. Балдың денсаулыққа пайдалы екенін тұрғындар жақсы біледі. Сондықтан тұрақты тұтынушыларым да бар, – дейді жеке кәсіпкер Роллан Олинов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: