Қазалы ауданында 1890 сауда қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілері бар.
Оның ішінде 5 сауда базары, 2 мал сату базары, 9 сауда орталығы, 15 сауда үйі, 790-нан астам шағын дүкендер және сауда базарларында 520 дара кәсіпкер халыққа қызмет көрсетуде. Нысандардың 83,8 пайызы аудан орталығы Әйтеке би кентінде, 6,7 пайызы Қазалы қаласында, 9,5 пайызы ауылдық елді-мекендердің үлесінде.
Биылғы жылдың өзінде «Жолашар», «Электрон», «Нұрмаш ата» сауда үйлері пайдалануға берілді. Бұдан өзге тағы да 8 ірі сауда орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта «Көлік, сауда логистикалық орталық» жобасын жүзеге асыру, «Өндірістік аймақтан» өнім сақтау қоймаларының құрылыстарын салу инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.