«Евразия» спорт кешенінде аты аңызға айналған футболшы, қызылордалық шеберлер командасының бас бапкері Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді. Оны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасының ұйымдастырды.
Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 40 жас және одан жоғары жастағы 12 командадан 200-ге жуық ардагерлер қатысып, үздіктері анықталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Петро Қазақстан» командасы «Қайсар» командасын 3:1 есебімен жеңіп,екінші мәрте жеңімпаз атанды. Байқоңырлық «Инфракос» командасы үшінші орынды иеленсе, «Ардагер» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.