Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ» АТТЫ ФОТОБАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

«СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ»  АТТЫ ФОТОБАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қызылорда қаласының 198 жылдығына орай әлеуметтік желі қолданушылар арасында өтетін «Сыр – Алаштың анасы»  атты фотобайқауға қатысуға шақырамыз! 
Байқаудың басты мақсаты – Қызылорда өңірінің жеткен жетістіктерін таныта отырып, аймақтың көркейген келбеті мен сәулетін, табиғатын, тарихи орындарын, тұрғындардың бейбіт өмірін бейнелеу және оны насихаттау.
Байқаудың шарттары: Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды.  jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қатысушы жайлы толық ақпаратпен (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефондары, фотосуреттің тақырыптық атауы, қайда, қашан түсірілгені туралы т.б) қоса  media_zhuldyz@mail.ru  электронды почтасына жолдануы тиіс. Почтаға келіп түскен суреттер әлеуметтік желілердегі арнайы парақша немесе топтарға #СырАлаштыңАнасы   хэштегімен жарияланады. Фотосуреттер  2016 жылғы 15-қыркүйектен  15-қазанға дейін қабылданады. Байқауға келіп түскен фотосуреттерді кәсіби фотографтардан жасақталған әділқазылар алқасы іріктеп, жеңімпаздарды анықтайтын болады. 
Байқауға қатысатын фотосуреттерді іріктеу шарттары
-   Байқау ережесінде көрсетілген тақырыпты  қамтуы;
-   Байқау тақырыптарын ерекше жеткізу;
-   Фотосуреттің сапалылығы: бейненің анықтығы, дәлдігі;
-   Фотосуреттерді әзірлеудегі кәсіби көркемдік талғам.
Фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттау - 2016 жылғы 20 қазанда өтеді. Бірінші орын - сандық фотоаппарат, екінші орын - 20 мың теңге, үшінші орын - 15 мың теңге. 
Ұйымдастырушылар: Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа Жұлдыз»  Қоғамдық қоры.
                                 
  Байланыс телефоны: +7747-817-49-28
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: