Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Пиротехникалық отшашулар ойландырып тұр

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехникалық бұйымдарға сұраныс та арта түседі. Қазіргі күні сауда орындарынан олардың неше атасын көруге болады: «зымырандар», хлопушкалар, петардалар, шырақтар, бенгаль шамдары, оттары. 
"Бірақ осы ғажайып ойыншықтардың орны толмас өкініш алыпк еліп жатқандығын көріп те жүрміз. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында 2014 жылдың 23 желтоқсанында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары 43 мектептің және 13 мектепке дейінгі мекемелердің басшыларын қатыстыра отырып, жиын өткізді" деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Айгүл Нұрманова. Қатысушыларға нұсқаулықтар, қауіпсіздік ережесі талаптарынс ақату туралы жадынамалар мен үнпарақтар таратылып, өрттің алдын алу және өрт болған жағдайда қала әрекет етуі  керектігі туралы бейнероликтер көрсетілді.
Жиын барысында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандары  жаңа жыл меркесін қалай  қауіпсіз өткізу керектігі туралы, шыршаны орнату ережесі жөнінде, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы турасында, пиротехникалық бұйымдарды қолдану тәртібі жөнінде айтты. 
Мамандар мүмкіндігінше пиротехникалық бұйымдарды қолданбау  керектігін егер қолданған жағдайда алдымен оның қолданылуы нұсқаулығын мұқият оқып барып, қолдануды ескертті. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: