Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мамандар егіздің құжаттарын перзентханада табыстады

Әрбір тұрғынның қуанышының еселей түсуіне атсалысатын Халықа қызмет көрсету орталығының мамандары көп балалы аналарға қуаныш сыйлауды бір сәтке ұмыт қалдырған емес. Әсіресе, егіз немесе үшем босанғандарға күтпеген сый    жасап, оған қоса олардың құжаттарын да дайындап береді. 


Өткен апатада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімінің мамандары Шөмішкөл аудандық округінің тұрғыны Алтынгүл Әділханованы бесінші және алтыншы қыздары Альфия мен Сафияны аман-есен босануымен құттықтады. Перзентханаға барып егіздің туу туралы құжаттарын табыс етіп, сыйлықтарын ұсынды.  
Бұған дейін мамандар Арал, Сексеуiл, Аралқұм, Шижаға және Қызылжар ауылы тұрғындарын кɵпбалалы ана атануымен құттықтап, оларға да туу туралы күəлiктер мен сыйлықтарын тапсырған еді. 
Жалпы жыл басынан бері Арал ауданында 2013 ана бала тууға берілетін жәрдемақы алған. Қазіргі таңда ауданда 448 көпбалалы отбасы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: