Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кезекке таласқан: Маңғыстау облысында ер адамдар автогаз құю станциясында төбелес шығарған

Маңғыстау облысында автогаз құю станциясының жанында төбелес болып, оны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 13 желтоқсанда Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ұрыстың себебі  - сұйытылған мұнай газына кезек.
Бұл нұсқаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Бейнежазбаны зерттегеннен кейін барлық қатысушылар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді.
Дегенмен жанжалға қатысушылардың бір-біріне шағымы болмады.
Аталған факті бойынша ауруханаға да өтініштер түскен жоқ.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: