Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов төрағалық еткен тұрақты кеңес отырысында жылу беру мәселесі қаралды.
Өндірістік және әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындық барысына бақылау жөнінде аудандық штаб құрылып, жылу беру жұмыстары қадағалануда. Аудан бойынша 172 нысан қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда толықтай жылуға қосылған.
Жиында жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен қатар, өзге де шешілуі тиіс мәселелер атап өтілді. Өткен жыл қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму серпіні пен деңгейін жоғары көрсеткіштерге жеткізу жолдары кеңінен талқыланды. Деңгейді жоғарылатуға 14 көрсеткіш бойынша жауапты сала басшыларына аудан әкімі нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, жиынның күн тәртібінде мекемелер мен кәсіпорындардың түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету жағдайы туралы да пысықталды.