Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІЖаңақорған ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды толыққанды түсіндіру мақсатында жиын болып өтті. 
Аудан әкімінің орынбасары Ғ. Сопбеков төрағалық жасаған жиынға кент, ауылдық округі әкімдері, шаруа қожалық төрағалары қатысты. Бас қосудың негізгі мәселесі бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Қалдыбаев хабарлама жасап, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды толыққанды түсіндірді. Біраз түйткілді мәселелер қозғалды. Соңынан жиынға қатысушылар Заңдағы жаңашылдықтарға қатысты сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ғ.Жарқынбекұлы мұндай түсіндірме жұмыстардың алдағы уақытта өз жалғасын табатындығын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: