Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ WHATSAPP, VIBER МОБИЛЬДІК ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫ WHATSAPP, VIBER МОБИЛЬДІК ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫҚызылорда облысы ішкі істер департаментінің барлық аудандық ішкі істер бөлімдері WhatsApp, Viber мобильдік жүйесіне қосылды.
Арал ауданы – 8 (776) 860-01-02 нөмірі, Қазалы ауданы – 8 (776) 861-01-02 нөмірі, Қармақшы ауданы – 8(776) 862-01-02 нөмірі, Жалағаш ауданы – 8(776) 863-01-02 нөмірі, Сырдария ауданы – 8(776)864-01-02 нөмірі, Шиелі ауданы – 8(776)865-01-02 нөмірі, Жаңақорған ауданы – 8(776)866-01-02 нөмірі бойынша құқық бұзушылық немесе қылмыстық сипаттағы әрекет жайлы хабарламалар қабылдай бастады.
Халықпен тығыз байланыс орнатып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстық фактілерді анықтауға, дер кезінде ашып, жолын кесуге бағытталған бұл мобильді мессенджер азаматтардан келген сурет, бейне және дыбыстық жазбалар түріндегі хабарламаларды тәулік бойы үзіліссіз қабылдайды. Аталған жүйе барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне қосылған және келген хабарламалар бұлтартпас айғақ ретінде тіркеліп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданады.
WhatsApp, Viber жүйесінің ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалын қалыптастыруда, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын танытуда маңызы зор. Осыған орай, азаматтарды қоғам болып бірлесе құқық бұзушылықтармен күресіп, ұсақ тәртіп бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға шақырамыз.
Ескерте кетерлік жайт, аталмыш мобильдік бағдарламалар ағымдағы жылдың 26 қазанында Қызылорда облысы ішкі істер департаментіне орнатылып, 8-776-89-80-102 нөмірі арқылы алғашқы құқық бұзушылық фактілері жайлы хабарламалар қабылдай бастаған болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: