Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА «БИЗНЕС-МЕКТЕП» КОМПОНЕНТІН 456 АЗАМАТ ПАЙДАЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «БИЗНЕС-МЕКТЕП» КОМПОНЕНТІН 456 АЗАМАТ ПАЙДАЛАНДЫҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындары үшін «Бизнес-мектеп» компоненті бойынша оқу жүргізуде. Оқу қызметі Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында көрсетілуде. Бұл жөнінде толық ақпарат берген Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Салават Құлмахан бүгінгі күнге дейін бұл жобаның мүмкіндігін 456 қызылордалық көргенін айтты. 
«Бизнес-мектеп» компоненті дегеніміз не? Бұл сауал көпшілікті толғандыруы мүмкін. Ендеше таныс болыңыздар.
«Бизнес-Кеңесші» жобасы –  әрекет етуші және кәсіпті жаңадан  бастаған кәсіпкерлерге сонымен қатар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға қысқа мерзімді  кәсіпкерлікті жүргізу негіздерін оқытуды қарастырған. Аталмыш жоба аясында бүгінде 442 қызылордалық оқу курсынан өтті.
«Бизнес-өсу» жобасы – "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша курстардан өтуі жөніндегі сертификатын алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға арналған, оның ішінде функционалдық бағыттар бойынша (кәсіпкерлердін таңдауы бойынша тізбеге сәйкес) қысқа мерзімді  кәсіпкерлік қызметті жүргізу және дамыту оқытуды қарастырған. Аталмыш жобаның әлеуетін биылдық өзінде 12 қызылордалық пайдаланып үлгерді. 
«Тәлімгерлік қағидаларын қолданатын жобалық оқыту» - "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша курстардан өтуі жөніндегі сертификатын алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды қайтарымсыз негізде, білім алушылармен оқу аяқталғаннан кейін бизнес-жоспарлар жасап, қорғауды қамтитын кәсіпкерлік қызметтің функционалдық бағыттарын жүргізу мен дамыту бойынша кәсіпкерлерді жобалық оқытуды көздейді. Аталмыш компоненттің ең басты ерекшелігі - қызметтер ақысыз түрде көрсетіледі.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: