Көктемде аймақта қанатты зиянкестерге қарсы күрес басталады.
Биыл облыс бойынша италиялық прус шегірткесіне қарсы 65543 га, саяқ шегірткеге қарсы 68673 га, азиялық шегірткеге қарсы 78849 га жер өңделеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы аумақтық инспекциясының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді.
Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық және қалалық аумақтық инспекцияларға 12 ұшақ, 29 арнайы жер агрегаты мен 4 дана моторлы бүріккіштер пайдаланылады.
Сондай-ақ, биыл мыңға жуық аумақ күріш зиянкесі жағалық шыбынға қарсы өңделеді.